Таза Казакстан

Таза Казакстан

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Ескелді ауданы, Жалғызағаш ауылдық округінде рейдтік іс-шара өткізілді.

Рейдтік іс-шараға ауылдық әкімшілік қызметкерлерімен ауылдық учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Абдрахманов Нұрсейт Әуелбекұлы қатысты.

Іс-шара барысында ауыл аумағын абаттандыру және тазалықты сақтау талаптарының орындалуы тексерілді. Атап айтқанда, тұрғын үйге тиесілі аумақтарды қоқыстан тазарту бойынша ауыл тұрғындарына тиісті ескертулер беріліп, ескерту хаттамалары толтырылды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-zhalgyzagash/press/news/details/1295012?lang=kk