«ХРОМТАУ» КОМАНДАСЫ «ТАРАЗ М» КОМАНДАСЫН 2:0 ЕСЕБІМЕН ЖЕҢДІ

«ХРОМТАУ» КОМАНДАСЫ «ТАРАЗ М» КОМАНДАСЫН 2:0 ЕСЕБІМЕН ЖЕҢДІ

Бүгін, 15 қыркүйек күні Қазақстан чемпионатының Екінші лигасы аясында 23-тур ойындары өтті.

Хромтау қаласындағы «Горняк» стадионында жергілікті «Хромтау» командасы «Тараз М» командасын қабылдады.

Ойын барысында хромтаулық футболшылар белсенділік танытып, қарсыластың қақпасына екі гол соқты. Кездесудің 7-минутында Стрижков есеп ашса, 68-минутта Боловинцев команда қоржынына екінші голды салды.

Нәтижесінде «Хромтау» – «Тараз М» 2:0.

Осылайша, хромтаулық команда кезекті ойында жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуантты.

«Хромтау» командасына алдағы ойындарда сәттілік пен жеңіс тілейміз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1294973?lang=kk