Хромтау қаласында ERG Run Fest қайырымдылық жаппай жүгіру жарысы өтті. Спорттық шараға 1000-нан астам қатысушы жиналып, Хромтау тұрғындарымен қатар Ақтөбе, Орал, Атырау, Қызылорда қалаларынан, сондай-ақ Орск, Орынбор және Санкт-Петербургтен келген қонақтар жарыс жолына шықты.
Жарыс барысында балалар 1 шақырым, ал ересектер 3, 5, 10 және 21 шақырым қашықтықтарды бағындырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер абсолюттік есепте және жас санаттары бойынша анықталып, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шара аясында шамамен 2 млн теңге қаражат жиналды. Аталған қаражат Хромтау қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне жас спортшыларға арналған арнайы тренажер сатып алуға бағытталады.
Жарысқа «Қазхром» ТҰК» АҚ бас директоры Ержан Әбділабеков, Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тлеумұратов, сондай-ақ гір тасын көтеруден бірнеше дүркін әлем чемпионы Олег Гончаров қатысты.
ERG Run Fest жарысы қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, спортсүйер қауымды бір алаңға жинаған мазмұнды шаралардың біріне айналды.