Бүгін ауыл тұрғындарының арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру мақсатында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында акция ұйымдастырылды.
Шара барысында:
* Ауыл тұрғындарына қолданыстағы заңнама талаптары мен сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда қолданылатын тетіктер түсіндірілді;
* Арнайы ақпараттық жаднамалар мен брошюралар таратылды;
* Азаматтардың көкейіндегі сауалдарына жауап беріліп, тиісті кеңестер ұсынылды.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес — әрбір азаматтың ортақ парызы. Әділ әрі ашық қоғамды бірге құрайық!
«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты ақпараттық-түсіндіру акциясы өтті
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/1294592?lang=kk