2025 ЖЫЛҒЫ МҮЛІК САЛЫҒЫ: ТӨЛЕУ МЕРЗІМІ – 1 ҚАЗАН!

2025 ЖЫЛҒЫ МҮЛІК САЛЫҒЫ: ТӨЛЕУ МЕРЗІМІ – 1 ҚАЗАН!

Құрметті салық төлеушілер!

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелері болып табылатын жеке тұлғаларға 2025 жылғы мүлік салығын 2026 жылдың 1 қазанына дейін төлеу қажеттігін еске салады.

📲 Салық сомасын қайдан көруге болады?

Мәліметтер екінші деңгейдегі банктерге жіберілді. Енді Сіздерге, оның ішінде Kaspi және Halyk қосымшаларында әрбір нысан бойынша толық жіктелуі бар PUSH-хабарлама келді.

💳 Салықты ыңғайлы тәсілмен төлеуге болады:

✅ Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы;
✅ Банк бөлімшелерінде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақшамен;
✅ Банкоматтар мен төлем терминалдарында банк картасы арқылы.

⚠️ Назар аударыңыз!

2026 жылдың 2 қазанынан бастап берешегі бар меншік иелеріне хабарламалар жіберіледі. Егер төлем 30 жұмыс күні ішінде түспесе, салық бұйрығы қалыптастырылады. Ол 5 жұмыс күні ішінде орындалмаса, іс жеке сот орындаушыларына жіберіледі.

Департамент бұл рәсімді болдырмау үшін алдын-ала төлем жасауды сұрайды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1294526?lang=kk