Ақтүбек ауылдық мәдениет үйінде «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында «Кітап – білімнің қайнар көзі» тақырыбында танымдық кездесу өтті.
Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер қатысып, кітап оқудың адам өміріндегі орны, білім мен рухани дамуға берер пайдасы туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, көркем әдебиетке қызығушылықты арттыру, ұлттық әдебиетті насихаттау мәселелері сөз болды.
Кітап оқу – ойды тереңдетіп, білімді толықтырып, рухани әлемді байытатын жақсы әдет.