2026 жылғы 18 қыркүйекте Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі ШЖҚ «Қаратал аудандық орталық ауруханасы» МКК дәрігерлерінің қатысуымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түсіндіру жұмыстары барысында келесі мәселелер қаралды:
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар;
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы №230 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметі қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №287 «Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, мүгедектігі бар адамның абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруға арналған арнайы құралдармен қамтамасыз ету қағидаларын, оның ішінде оларды ауыстыру мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығы.
- Медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) жіберілген ақаулар және негізсіз жолданған адамдар.