Бессайысшыларымыз Азия ойындарының финалына жолдама алды

2026 жылғы Азия ойындары аясында қазіргі бессайыс жарысының ерлер арасындағы жартылай финал мәресіне жетті.

Жартылай финалдың А тобында
Тихон Варехин барлық сынның қорытындысы бойынша, 1520 ұпай жинап, төртінші орынға ие болды. Ал Темірлан Абдраимов 1507 ұпаймен алтыншы орынға тұрақтады.

В тобында Кирилл Стадник 8-орынға тұрақтаса, Лев Чувашов 6-орынды иеленді.

Осылайша, төрт спортшымыз да жарыстың шешуші кезеңіне өтті.

Финал 20 қыркүйекке жоспарланған.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm;sport/press/news/details/1294342?lang=kk