Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №11-ПГСВ «2026–2027 жылдардың эпидемиялық маусымында тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және COVID-19 коронавирус инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысын орындау мақсатында, 2026 жылғы 16 қыркүйекте «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС Шиелі станциясындағы су тоғаны қызметкерлері арасында «Тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және COVID-19 коронавирус инфекциясының алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – тұмау, ЖРВИ және COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және олардың алдын алу шараларын күшейту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Іс-шара барысында тұмау, ЖРВИ және COVID-19 коронавирус инфекциясы туралы негізгі мәліметтер, олардың жұғу жолдары, негізгі белгілері және алдын алу шаралары кеңінен түсіндірілді. Семинар соңында қатысушыларға тиісті түсіндірмелер беріліп, қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Шиелі станциясында тұмау, ЖРВИ және COVID-19 инфекциясының алдын алу бойынша семинар өткізілді