2026 жылғы 11 қыркүйекте Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Конституциясы: азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Ақмола облысы Әділет департаментінің өкілі, жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының конституциялық дамуының өзекті мәселелерін қарастырды: құқықтық мемлекет құрудағы Конституцияның рөлі, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматтардың жауапкершілігі, халықаралық шарттардың мәртебесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың конституциялық негіздері, сондай-ақ жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының Конституциясы: азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akm/press/news/details/1294051?lang=kk