2026 жылғы 19 қыркүйек күні сағат 09:00-де Жетісу облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және халықаралық «World Cleanup Day – Дүниежүзілік тазалық күні» экологиялық акциясы аясында жалпыоблыстық сенбілік өтеді.
Экологиялық акцияға мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпорындар, кәсіпкерлер, қоғамдық бірлестіктер, өңір жастары, еріктілер, эко-белсенділер мен облыс тұрғындары қатысады.
Сенбілік аясында облыс елді мекендерінің аумақтарында санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары, қоғамдық орындарды, саябақтар мен скверлерді, аулаларды тазалау, сондай-ақ ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылады.
«World Cleanup Day – Дүниежүзілік тазалық күні» жыл сайын әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған адамды біріктіріп, аумақтарды тазалау және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық бастамаларға қатысуға мүмкіндік береді.
Жетісуымызды тазалықта ұстау – баршамызға ортақ міндет!
Дүниежүзілік тазалық күні аясында Жетісу облысында өңірлік тазалық күні өтеді.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan-otenai/press/news/details/1293872?lang=kk