🏆 ІХ ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

🏆 ІХ ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

«Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының және Нұра ауданының білім бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ІХ Президенттік олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың аудандық кезеңі Ш. Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылды.

Білім додасына аудан мектептерінен 20 оқушы қатысып, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша өздерінің білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынады.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге қызығушылығын арттыру, дарынды және қабілетті оқушыларды анықтау, олардың зияткерлік әлеуетін дамыту.

Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!
Жас білімпаздарға алдағы білім додаларында сәттілік пен жоғары жетістіктер тілейміз! 📚✨

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-nura/press/news/details/1293856?lang=kk