Күзгі әскерге шақыру жұмыстарының барысы қаралды

Күзгі әскерге шақыру жұмыстарының барысы қаралды

Басқармада 2026 жылғы күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарының барысына қатысты бейнеконференция форматында кеңес өтті.

Кеңес барысында күзгі әскерге шақыру науқанының орындалу барысы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, облыс әкімінің «Әскерге шақыру пункттерін қалпына келтіру бойынша жол картасы» аясында тиісті шараларды уақтылы қабылдау қажеттігі атап өтілді.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар беріліп, белгіленген жоспарлы көрсеткіштердің толық әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1293772?lang=kk