«Отбасы және “Таза Қазақстан”» экологиялық іс-шарасы

«Отбасы және “Таза Қазақстан”» экологиялық іс-шарасы

«Қ.Байсейітов атындағы орта мектеп» КММ-де қоршаған ортаны қорғау, тазалық мәдениетін қалыптастыру және отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Отбасы және “Таза Қазақстан”» атты экологиялық іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында ата-аналар мен балалар бірлесе тазалық жұмыстарын жүргізіп, табиғатты аялау мен туған жерге қамқорлық танытудың үлгісін көрсетті. Бірлескен еңбек қатысушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке және өзара қолдауға үндеді.

Таза аула мен көрікті орта — әр отбасының ортақ үлесінен басталады. Белсенділік танытқан барлық отбасыларға алғысымызды білдіреміз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-zholbarys-batyr/press/news/details/1293744?lang=kk