Шымкентте ІІМ қызметкерлері арасында шағын футболдан республикалық чемпионат басталды

Шымкентте ІІМ қызметкерлері арасында шағын футболдан республикалық чемпионат басталды

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қызметкерлері арасында шағын футболдан республикалық чемпионаттың ашылу салтанаты өтті.

Спорттық дода ҚР ІІМ «Арлан» спорт клубы мен Шымкент қаласы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен өткізілуде.

Республикалық чемпионатқа еліміздің әр өңірінен және Ішкі істер министрлігіне қарасты құрылымдардан 27 команда қатысып, өзара бақ сынайды.

Салтанатты рәсім мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасып, алаңда өнерпаздар ән шырқап, арнайы шоу бағдарламалары көрермен назарына ұсынылды.

Спорттық іс-шараның басты мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, дене шынықтыру және кәсіби даярлық деңгейін арттыру.

Барша қатысушыларға сәттілік, тартысты ойын және жеңіс тілейміз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1293576?lang=kk