«СУРДОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР ТУРАЛЫ» СҰРАҚ ЖӘНЕ ЖАУАП.

«СУРДОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР ТУРАЛЫ» СҰРАҚ ЖӘНЕ ЖАУАП.

«СУРДОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР ТУРАЛЫ» СҰРАҚ ЖӘНЕ ЖАУАП.

Сұрақ: Сурдотехникалық құралдар дегеніміз не?

Жауап: Сурдотехникалық құралдар – есту қабілетінің бұзылуын түзетуге және орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, сондай-ақ дыбысты күшейтетін, ақпаратты байланыс және беру құралдары.

Сұрақ: Сурдотехникалық құралдардың қандай түрлері бар?

Жауап: Олар:

- есту қабілетінің төмендеу дәрежесіне байланысты орташа қуатты, қуатты және аса қуатты болып бөлінетін есту аппараттары;

- веб-камерасы бар ноутбук;

- көпфункционалды сигнал беру жүйесі;

- мәтіндік хабарламаларды қабылдау және жіберу, сондай-ақ бейнебайланыс функциясы бар ұялы телефон;

- саңырау және нашар еститін адамдарға арналған сағат;

- кохлеарлық импланттарға арналған сөйлеу процессоры;

- дауыс шығаратын аппарат.

Сұрақ: Сурдотехникалық құралдарға жеке оңалту бағдарламасын кім ұсынады және ол қалай әзірленеді?

Жауап: Сурдотехникалық құралдарға арналған жеке оңалту бағдарламасы мүгедектігі бар адамның оңалту іс-шараларын жүргізуге қажеттілігіне қарай, емдеу мекемесінің дәрігерлік-консультациялық комиссиясының, яғни ДКК-ның есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдарға берген ұсынымдарын ескере отырып, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерімен әзірленеді. Сурдотехникалық құралдарды сатып алу оларды ауыстыру мерзімдерін ескере отырып, Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады.

Сурдотехникалық құралдар – есту қабілетінің бұзылуы салдарынан туындайтын тіршілік әрекетінің шектелуін өтеу құралдарының бірі болып табылады. Олардың түпкі мақсаты – адамның есту арқылы қабылдауын жақсарту ғана емес, сонымен қатар оның дербестігін, білім алуын, еңбек және қоғамдық қызметке қатысуын арттыру және нәтижесінде қоғамға әлеуметтік интеграциялануын қамтамасыз ету.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1293513?lang=kk