Көктоғай негізгі мектебінде оқушыларға «Алаяқтықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: оқушыларға алаяқтықтың түрлері мен қауіптері туралы түсінік беру, интернеттегі және күнделікті өмірдегі алаяқтық әрекеттерден сақтануға үйрету, жеке мәліметтерді қорғау және қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушыларға күмәнді хабарламаларға, белгісіз сілтемелерге сенбеу, бөгде адамдарға жеке ақпараттарын бермеу және алаяқтық жағдайларға тап болған кезде үлкендерден көмек сұрау жөнінде кеңестер берілді.