Қазақстанға қоныс аудару, құжаттарды рәсімдеу және бейімделу – маңызды кезең. Сондықтан тек ресми ақпаратқа сүйену өте маңызды.

Қазақстанға қоныс аудару, құжаттарды рәсімдеу және бейімделу – маңызды кезең. Сондықтан тек ресми ақпаратқа сүйену өте маңызды.

Көші-қон комитетіне құжаттарды рәсімдеуді ақылы түрде жеделдетуге, тестілеуден өтуге көмектесуге немесе мемлекеттік қызметтерді алуға ықпал етуге уәде беретін делдалдар туралы өтініштер түсіп жатыр.

Ресми түрде ескертеміз: мұндай уәделерге сенбеңіздер. Бұл бағыттағы мемлекеттік қызметтер белгіленген тәртіппен көрсетіледі. Тестілеу нәтижелерін немесе құжаттарды қарау нәтижесін қандай да бір ақы үшін өзгертуге болмайды.

Ең бастысы – бейтаныс делдалдарға ақша бермеңіздер және тек ресми ақпаратқа жүгініңіздер.

https://t.me/enbekzhetysu/147 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-lab/press/news/details/1293325?lang=kk