Құқықтық түсіндіру жұмыстары

Құқықтық түсіндіру жұмыстары

Павлодар облысы Әділет департаментінің Екібастұз қаласы аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімінің маманы Асель Белгишева құқықтық түсіндіру жұмыстары аясында азаматтарды қабылдады.

Қабылдау барысында атқарушылық іс жүргізуге, оның ішінде мүлікке қойылған тыйымды алып тастауға, берешекті өтеуге және сот актілерін орындау тәртібіне қатысты азаматтардың өтініштері қаралды.

Азаматтарға барлық қойылған сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті құқықтық түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-pvl/press/news/details/1293204?lang=kk