ҚАЗТАЛОВ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

ҚАЗТАЛОВ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

Көшпелі жиынның екінші жартысында облыстық маңызы бар «РФ шекарасы – Қайыңды – Ақпәтер – Жалпақтал – Жұлдыз – Қарасу» автомобиль жолының 70–84 км учаскесіндегі жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы қаралды.

Жалпақтал ауылында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, есік жасау кәсібін дамытып отырған кәсіпкер Б. Асқаровтың жұмысы таныстырылды.

Сондай-ақ Талдыапан ауылында «Бауырлар НАРМ» шаруа қожалығының екпелі шөп егу жұмыстарымен танысып, ауыл шаруашылығы саласындағы жобалардың жүзеге асырылу барысы қаралды.

Қайшақұдық ауылында «Қаладан – ауылға» бағдарламасы аясында қоныс аударған отбасылармен кездесіп, олардың тұрмыс жағдайы мен ауылға бейімделу барысын талқыладық. Сонымен қатар жеке инвестор есебінен салынатын мектеп пен ауылдық клуб жобалары таныстырылды.

Жұмыс сапары аясында «Мясная индустрия» ЖШС-нің 5000 басқа арналған мал бордақылау алаңының жұмысы да таныстырылды.

Көшпелі жиын қорытындысында ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер көтеріліп, оларды шешу бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеу қажеттігі атап өтілді. Аталған ұсыныстар жауапты мемлекеттік органдардың назарына жолданып, олардың орындалуы депутаттардың бақылауында болады.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1293194?lang=kk