2026 жылғы тамыз айында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Еркіндік рухы» комиссиясының мүшесімен бірлесіп, қала тұрғындарына «Заң мен тәртіп» жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында «Адал азамат» тұжырымдамасының негізгі қағидаттары түсіндірілді. Атап айтқанда:
🔹 азаматтар мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі;
🔹 заң талаптарын сақтау және заңға құрметпен қарау;
🔹 адалдық пен жауапкершілік;
🔹 адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
🔹 құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Сонымен қатар, азаматтарға Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) қызметі туралы ақпарат берілді. Іс-шара барысында тұрғындарға өз құқықтарын білу, заң талаптарын сақтау және құқықтары бұзылған жағдайда оларды қорғаудың заңды тетіктерін пайдалану қажеттілігі түсіндірілді.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Еркіндік рухы» комиссиясының мүшесімен бірлесіп, қала тұрғындарына «Заң мен тәртіп» жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1293184?lang=kk