Дмитриевка ауылы табиғи газға қосылды

Дмитриевка ауылы табиғи газға қосылды

Ақтөбе облысының Мәртөк ауданындағы Байторысай ауылдық округіне Дмитриевка ауылы табиғи газға қосылды.

Елді мекенді газдандыру мақсатында 13 шақырым газ құбыры тартылып, жобаға  104 млн. теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстарын "GAZ MART" ЖШС жүзеге асырды.

Газ құбырының іске қосылу салтанатына Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев пен Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов қатысты.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-baytorisai/press/news/details/1293158?lang=kk