«Зорлық-зомбылықсыз отбасы – жарқын болашақ» тренингі өтті

«Зорлық-зомбылықсыз отбасы – жарқын болашақ» тренингі өтті

🏡 «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – жарқын болашақ» атты тренинг өтті

📅 10 қыркүйек күні Рахат ауылдық округіндегі Рахат орта мектебінде «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – жарқын болашақ» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы мүшелері арасындағы өзара сыйластық пен түсіністікті арттыру, қауіпсіз әрі қолайлы отбасылық орта қалыптастыру.

🧠 Тренинг барысында қатысушыларға зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары түсіндіріліп, отбасындағы дұрыс қарым-қатынас, жанжалдарды бейбіт жолмен шешу және бір-біріне қолдау көрсету мәселелері қозғалды. Сонымен қатар, психологиялық жаттығулар мен пікір алмасу ұйымдастырылды.

🤝 Береке мен бірлік орнаған отбасы – жарқын болашақтың негізі!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-rahat/press/news/details/1293139?lang=kk