«Дін және жастар»: жастармен тағылымды кездесу

«Дін және жастар»: жастармен тағылымды кездесу

10.09.2026 жылы Рахат ауылдық округіне қарасты Азат ауылындағы №1 Азат орта мектебінде «Дін және жастар» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ діни экстремизм мен теріс діни ағымдардың алдын алу.

Іс-шара барысында жастарға діннің қоғамдағы орны, діни тұрақтылықты сақтау және жастардың рухани тәрбиесі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-rahat/press/news/details/1293134?lang=kk