«КИБЕРҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗІ»

«КИБЕРҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗІ»

Республикалық Киберқауіпсіздік айы аясында «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясында өңірлік форум-семинар өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің қолдауымен және Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Форумға Қызылорда облысы Полиция департаментінің Киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл басқармасының инспекторы, полиция подполковнигі Ермаханов Нұртілек Тұрмаханұлы қатысып, киберқауіпсіздік бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың киберқауіпсіздік саласындағы хабардарлығын арттыру, дербес деректерді қорғау мәдениетін қалыптастыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу және цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту.

Форум барысында:

• киберқауіпсіздік және цифрлық гигиена;

• дербес деректерді қорғау;

• интернет-алаяқтықтан сақтану;

• цифрлық ортадағы негізгі қауіптер және олардан қорғану тәсілдері талқыланды.

Қатысушыларға киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсынымдар беріліп, сұрақ-жауап сессиясы өткізілді. Сонымен қатар сала мамандарына арналған воркшоп ұйымдастырылды.

Іс-шараға Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің, IT-саланың және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің өкілдері қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Форум-семинарға 120-дан астам адам – мемлекеттік қызметшілер, білім беру және денсаулық сақтау салаларының өкілдері, кәсіпкерлер, IT-мамандар және цифрлық қауіпсіздікке қызығушылық танытқан азаматтар қатысты.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1293132?lang=kk