Берекелі отбасы – берік мемлекет

Берекелі отбасы – берік мемлекет

Отбасы күні қарсаңында Жалағаш ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы жұбайларымен бірге «Берекелі отбасы – берік мемлекет» тақырыбында ұйымдастырылған жас отбасылар форумына қатысты. Іс-шара барысында отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған түрлі сайыстар мен қызықты ойындар ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Форумның негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту, өзара сыйластық пен бірлікті насихаттау. Берекелі отбасы – қоғамның берік негізі!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1293126?lang=kk