Тәртіп пен заңдылық – басты назарда

Тәртіп пен заңдылық – басты назарда
Ұлытау облысы Полиция департаментінде жеке құрам арасында қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізілуде. Қызметке кірісер алдында арнайы патруль қызметкерлердің сыртқы келбетін, қызметтік куәліктері мен жетондарының, сондай-ақ қажетті құрал-жабдықтарының болуын тексереді. Заңдылық талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылады. Тәртіп пен заңдылық – полиция қызметінің негізі. Әрбір қызметкер өз ісімен үлгі болып, антқа адалдығын қызмет барысында дәлелдеуі тиіс.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1293116?lang=kk