Жыл сайын Өскемен қаласында Қала күніне орай ұйымдастырылатын іс- шаралар аясында бал жәрмеңкесі өткізіледі. Биыл да аталған дәстүр жалғасын тауып, бал жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жобаның негізгі мақсаты- облыстың әр өңірінен келген үздік омарташылардың басын қосып, өзара тәжірбие алмасуына мүмкіндік жасау, сондай- ақ Шығыс Қазақстан тұрғындары мен қала қонақтарына табиғи бал мен ара шаруашылығы өнімдерін тиімді бағамен ұсыну.
Жәрмеңке барысында географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне еңгізілген «Мед Алтайский» шаруа қожалығының – «Катон-Қарағай табиғи балы» өнімдері жыл сайын көпшілік назарына ұсынылады.
Бұл іс-шара омарташылар арасында тәжірбие алмасуға, отандық өнімдерді кеңінен насихаттауға және тұтынушыларға сапалы әрі табиғи ара шаруашылығы өнімдерін тікелей өндірушілерден сатып алуға мүмкіндік береді.
«Өскемен қаласында жыл сайын Қала күніне арналған бал жәрмеңкесі өткізіледі»
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1293115?lang=kk