«Ашық есік күні» акциясы өткізілді

«Ашық есік күні» акциясы өткізілді

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті заңгерлік қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп, Департамент ғимаратында «Ашық есік күні» акциясын өткізді.

Акция барысында азаматтарға жылжымайтын мүлікті ресімдеу, мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу, азаматтық хал актілерін тіркеу, банкроттық, алимент өндіру және басқа да құқықтық мәселелер бойынша консультациялар берілді.

Сонымен қатар, интернет-алаяқтықтың және алаяқтықтың өзге де түрлерінің алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара аясында азаматтарға қызықтырған мәселелері бойынша жан-жақты жауаптар мен қажетті құқықтық түсіндірмелер берілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1293113?lang=kk