Тағыл ауылдық округі әкімінің Ермаковка ауылының тұрғындарымен кездесуі

Тағыл ауылдық округі әкімінің Ермаковка ауылының тұрғындарымен кездесуі

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Тағыл ауылдық округінің әкімі Жұбанова Г. А. Ермаковка ауылының тұрғындарымен жиын өткізді.

Кездесу барысында ауылды абаттандыру және аумақты санитарлық тазарту, сондай-ақ халық арасында алаяқтық пен нашақорлықтың алдын алу мәселелері қаралды. Тұрғындарға қауіпсіздіктің негізгі шаралары және елді мекен аумағында тазалық пен тәртіпті сақтау қажеттілігі түсіндірілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sarykol-tagil/press/news/details/1292951?lang=kk