Костряков ауылдық округін патриоттық әндерден музыкалық нөмір орындаған Галимова Лилия Салихзяновна таныстырды. Фестиваль қорытындысы бойынша ол белсенді қатысқаны, өнерге деген сүйіспеншілігі және ана тілін насихаттауға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Лилия Салихзяновнаға одан әрі шығармашылық табыс, шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!
"Жастар" мәдениет үйінде "халықтың сазды әуені"ана тілінде ән орындаушыларының байқау-фестивалі өтті.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-kostryakov/press/news/details/1292763?lang=kk