Алматыда SecurityExpo & DroneX 2026 көрмесі өтеді

Алматыда SecurityExpo & DroneX 2026 көрмесі өтеді

2026 жылғы 21–23 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» Қазақстанның іскерлік ынтымақтастық орталығында «Қауіпсіздік, өрттен қорғау, ақпараттық технологиялар, байланыс және дрондар» — SecurityExpo & DroneX 2026 атты Қазақстандағы 14-ші халықаралық көрме өтеді.

Іс-шараға сала мамандары, мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен қауіпсіздік, цифрлық технологиялар, байланыс және ұшқышсыз жүйелер саласында жұмыс істейтін компаниялардың өкілдері қатысады.

Көрме аясында бейнебақылау, бақылау және қолжетімділікті басқару, киберқауіпсіздік, периметрлік қорғау, зияткерлік көлік жүйелері, ұшқышсыз технологиялар, өрт қауіпсіздігі және аса маңызды инфрақұрылымды қорғау салаларындағы заманауи шешімдер таныстырылады.

Сонымен қатар бір алаңда энергетика және атом салаларына арналған PowerExpo Almaty 2026 және Kazatomexpo 2026 халықаралық көрмелері өтеді.

Көрме заманауи технологияларды таныстыруға, тәжірибе алмасуға және түрлі салалардың өкілдері арасында іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік беретін алаңға айналады.

Өтетін орны: Алматы қаласы, «Атакент» КІЫО
Өтетін күні: 2026 жылғы 21–23 қазан.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/1292612?lang=kk