Ақтау қаласында жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту, сондай-ақ тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Қала жолдарын күтіп-ұстау шартына сәйкес орталық автомобиль жолдарын санитарлық тазалау, қоғамдық көлік аялдамаларын жуу, жол белгілері мен жол таңбаларын жаңарту, сондай-ақ аялдамалар орнату жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстар белгіленген жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жалғасын табады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала жолдарының инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1292576?lang=kk