Тіршілік-тынысының шектелуіне байланысты мүгедектікті белгілеу критерийлері

Тіршілік-тынысының шектелуіне байланысты мүгедектікті белгілеу критерийлері

Мүгедектік тобын белгілеу критерийлері

Адамды мүгедектігі бар адам деп тану үшін төмендегі міндетті шарттардың барлығы бір мезгілде болуы қажет:

  1. Организм функцияларының тұрақты бұзылуы;
  2. Тіршілік-тынысының шектелуі – адамның өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлану, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқу немесе еңбек қызметін жүзеге асыру қабілетінің толық немесе ішінара шектелуі;
  3. Әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру қажеттілігі.

Назар аударыңыз!
Организмдегі жасқа байланысты өзгерістер өздігінен мүгедектік тобын белгілеуге негіз болып табылмайды.

Тіршілік-тынысының шектелуі дегеніміз не?

Тіршілік-тынысының шектелуі (ТТШ) – денсаулық жағдайының бұзылуына байланысты адамның бір немесе бірнеше тіршілік ету санаттарын жүзеге асыру мүмкіндігінің шектелуі.

Оларға мыналар жатады:
• өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеті;
• өздігінен жүріп-тұру қабілеті;
• бағдарлау қабілеті;
• қарым-қатынас жасау қабілеті;
• өзінің мінез-құлқын бақылау қабілеті;
• оқу қабілеті;
• еңбек қызметін жүзеге асыру қабілеті.

Мүгедектік тобы қалай белгіленеді?

Организм функцияларының бұзылу және тіршілік-тынысының, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелу дәрежесіне қарай:

• 1-топтағы мүгедектік;
• 2-топтағы мүгедектік;
• 3-топтағы мүгедектік белгіленеді.

Ал 7 жасқа дейінгі балаларға «мүгедек бала» санаты, 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға 1, 2 немесе 3-топтағы «мүгедек бала» санаты белгіленеді.

1-топтағы мүгедектікті белгілеу критерийлері

Организм функцияларының тұрақты едәуір немесе айқын бұзылуы салдарынан тіршілік-тынысының бір немесе бірнеше санатының айқын шектелуі 1-топтағы мүгедектікті белгілеуге негіз болады.

Бұл ретте 3-дәрежедегі шектеулер болуы мүмкін:

  1. өзіне-өзі қызмет көрсету;
  2. өздігінен жүріп-тұру;
  3. еңбек қызметі (еңбек ету қабілеті);
  4. оқу;
  5. айналасын бағдарлау;
  6. қарым-қатынас жасау;
  7. өзінің мінез-құлқын бақылау.

2-топтағы мүгедектікті белгілеу критерийлері

Организм функцияларының тұрақты айқын бұзылуы салдарынан тіршілік-тынысының бір немесе бірнеше санатының айқын шектелуі 2-топтағы мүгедектікті белгілеуге негіз болады.

Бұл ретте 2-дәрежедегі шектеулер болуы мүмкін:

  1. өзіне-өзі қызмет көрсету;
  2. өздігінен жүріп-тұру;
  3. еңбек қызметі (еңбек ету қабілеті);
  4. оқу;
  5. айналасын бағдарлау;
  6. қарым-қатынас жасау;
  7. өзінің мінез-құлқын бақылау.

3-топтағы мүгедектікті белгілеу критерийлері

Организм функцияларының тұрақты шамалы бұзылуы салдарынан тіршілік-тынысының бір немесе бірнеше санатының шамалы шектелуі 3-топтағы мүгедектікті белгілеуге негіз болады.

Бұл ретте 1-дәрежедегі шектеулер болуы мүмкін:

  1. өзіне-өзі қызмет көрсету;
  2. өздігінен жүріп-тұру;
  3. еңбек қызметі (еңбек ету қабілеті);
  4. оқу;
  5. айналасын бағдарлау;
  6. қарым-қатынас жасау;
  7. өзінің мінез-құлқын бақылау.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1292545?lang=kk