Полиция қызметкерлері арасында «Жас қызметкерлер слёті» және «Үлгілі отбасы» байқауы өтті

Полиция қызметкерлері арасында «Жас қызметкерлер слёті» және «Үлгілі отбасы» байқауы өтті

Шымкент қаласы Полиция департаментінде жас қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, командалық рухын нығайту және отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Жас қызметкерлер слёті» және «Үлгілі отбасы» байқауы ұйымдастырылды.

Іс-шараға Шымкент қаласы ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесінің мүшелері, Департамент жанындағы Тәлімгерлер кеңесі және жас полиция қызметкерлері қатысты.

«Үлгілі отбасы» байқауына Департаменттің 6 отбасы қатысып, үш кезең бойынша бақ сынады. Қатысушылар шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, құқықтық сауаттылығы, логикалық ойлауы және түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін танытты.

Мұндай іс-шаралар жас мамандарды қолдауға, қызметтік ұжымның ынтымақтастығын нығайтуға және отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.

Үлгілі отбасы – мықты қоғамның негізі!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1292516?lang=kk