“ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2026”: АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

“ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2026”: АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
“ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2026”: АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
“Үздік педагог – 2026” республикалық байқауының аудандық кезеңі өз мәресіне жетті. Байқаудың негізгі мақсаты – педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық бастамаларын қолдау және білім беру саласының үздік өкілдерін анықтау.
🔍 Байқауға қатысқан үміткерлердің жұмыстары конкурстық комиссия тарапынан жан-жақты сараланып, олардың кәсіби құзыреттілігі, әдістемелік шеберлігі мен жаңашыл жұмыс тәсілдері ескерілді. 100 балдық бағалау жүйесі бойынша 80%-дан жоғары ұпай жинаған ұстаздар аудандық кезеңге жолдама алды.
✅ “Үздік педагог” аудандық байқауының жеңімпаздары анықталды! 🎉
🔹 Утешова Тамара Рашидовна – Казталов МЛ, бастауыш сынып мұғалімі
🔹 Жумашева Айдана Нұрланқызы – Қарасу ЖОББМ, тарих пәні мұғалімі
🔹 Абдрахманова Румия Мусагалиевна – Қараөзен мл, бастауыш сынып мұғалімі
🎊 Барша жеңімпаздарды шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Сіздер – ұрпақ болашағы жолындағы ұлы миссияны абыроймен атқарып жүрген нағыз ҰСТАЗ ТҰЛҒАЛАРСЫЗДАР! 👏

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-kaztalov/press/news/details/1292236?lang=kk