Тақырыптық көрме

Тақырыптық көрме

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті мен Жетісу облысының білім басқармасы арасындағы бірлескен іс-шаралар жоспары аясында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында мемлекеттік органдардың қызметіне арналған тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
Тақырыптық көрмеге Мойнақ ауылындағы №23 орта мектептің 10-сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында оқушылар мемлекеттік басқару жүйесі, мемлекеттік органдардың қызмет бағыттары және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби міндеттері туралы ақпаратпен танысты.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-edu/press/news/details/1292074?lang=kk