ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Мемлекеттік еңбек инспекторы Н. Досмахановтың қатысуымен Шу ауданында орналасқан «SHENGTAI BIOTECH CO., Ltd» ЖШС-де жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Тексеру барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарының сақталуы, еңбек қатынастарының заңдылығы, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерінің қамтамасыз етілуі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі талаптарының орындалуы зерделенуде.
Жоспардан тыс тексеру қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша тиісті құқықтық шаралар қабылданатын болады.