Нысанды жаңғырту Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының бірлескен «QH Мәдени даму алаңы» жобасы аясында жүзеге асырылды. Солтүстік Қазақстан облысы елімізде аталған жоба мәдениет нысандарында іске асырылған алғашқы өңір болды.
Мәдениет үйінің жиһазы мен техникалық жабдықтары толығымен жаңартылып, заманауи жарық және дыбыс жабдықтары орнатылды. Вокал және домбыра студиялары, театр және хореография үйірмелері, қолөнер шеберханасы, кітапхана және балалар аймағы ашылды.
Салтанатты ашылу рәсіміне Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің өкілі Досбол Әбдірейісов және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының өкілі Ләззат Шыңғысбаева қатысты.