Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өткізілді

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өткізілді

2026 жылғы 11 қыркүйекте Денисов аудандық мәслихатының төрағасы Шерер Виктор Викторовичтің төрағалығымен сегізінші шақырылған мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессия барысында келесі мәселелер қаралды:

1. Қостанай облысы Денисов аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 67 «Денисов ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 73 «Қостанай облысы Денисов ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Денисов ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу және Қостанай облысының Денисов ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгеріс енгізу мәселелері бойынша «Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Жанпиисова Марина Валерьевна тыңдалды.

Сессия барысында Денисов аудандық мәслихатының депутаттары мәслихаттың тиісті шешімдерін қабылдауға дауыс берді.

Отырыстың трансляциясына сілтеме:

https://www.facebook.com/share/v/1FCL9M4r3a/

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-denisov/press/news/details/1291981?lang=kk