Хабарландыру

Хабарландыру

 

       

VIIІ шақырылған Бородулиха аудандық мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындарының

НАЗАРЫНА

 

            VIIІ шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының кезекті LVІ сессиясы 2026 жылғы 25 қыркүйекте сағат 10:00-де аудан әкімдігінің кіші залында (Тәуелсіздік көшесі, 69) өтеді.

 

Сессияның ұсынылатын күн тәртібі:

 

1.      2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына тұрғын              үй-коммуналдық қызметтерді, жылумен жабдықтаушы ұйымдарды, тұрғын үй қорын және әлеуметтік-мәдени маңызы бар объектілерді даярлау қорытындылары туралы.

Баяндамашы: Нұрқасымов Әли Серікқазыұлы – «Абай облысы Бородулиха ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы.

2.      Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.

Баяндамашы: Мусин Жас-Ұлан Амангелдіұлы – «Абай облысы Бородулиха ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ басшы.

3. Халық пен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыс туралы (құқықтық ағарту, ашықтық, кері байланыс).

Баяндамашы: Мұқатай Асхат Амантайұлы – «Абай облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ басшысы.

Қосымша баяндамашы: Көксегенова Талшын Қанатқызы – «Абай облысы Бородулиха ауданының Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының м.а.

4. Агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы туралы есеп.

Баяндамашы: Кудушев Айтуған Ғабдулгазизұлы - депутат, тұрақты комиссияның төрағасы.

 

Бородулиха аудандық

мәслихат төрағасы                                                             С. Урашева

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/borodulihamaslikhat/press/news/details/1291976?lang=kk