Әуезов ауданының әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Әуезов ауданының әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев азаматтарды кезекті жеке қабылдауын өткізді.

Қабылдау барысында тұрғындар абаттандыру, аула аумақтарының қауіпсіздігі, коммуналдық және инженерлік инфрақұрылымға қатысты мәселелерді көтерді.

Әрбір өтініш жеке қаралып, тұрғындарға тиісті түсіндірмелер берілді. Жауапты бөлімдерге көтерілген мәселелерді пысықтап, қажетті шаралар қабылдау бойынша тапсырмалар жүктелді. Қосымша қарауды қажет ететін мәселелер бақылауға алынды.

Аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш беруге немесе Алтынсарин даңғылы, 23 мекенжайындағы Әуезов ауданы әкімі аппаратына келіп жазылуға болады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1291867?lang=kk