Бас консул Қанат Хасенов Астрахан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры, биология ғылымдарының докторы, профессор Александр Неваленмен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында өзара іс-қимыл мәселелері және әріптестіктің басым бағыттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарымен байланыстарды нығайту мәселелері қаралды.
Сондай -ақ, ұйымның 30 жылдығына арналған және ағымдағы жылдың қазан айында Ақтау қаласында өтетін Каспий маңы елдерінің университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтары қауымдастығының (Қазақстан, Ресей, Иран, Әзірбайжан, Түрікменстан) 28-ші Бас Ассамблеяға және студенттік спорттық ойындарға (спартакиада) дайындық және қатысу мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру, ғылыми жобаларды іске асыру және академиялық мобильділікті арттыру мақсатында қазақстандық оқу орындарымен әріптестік қатынастарды кеңейту жоспарлары белгіленді.