ӘДЕПТІЛІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

ӘДЕПТІЛІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

Департамент басшысының орынбасары Р.Бисеновтің, коғам өкілінің және облыс әкімдігінің әдеп
жөніндегі уәкілі Р.Омарованың қатысуымен облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметшілерімен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге қызметтік және қызметтен тыс уақытта әдеп нормаларын сақтау, азаматтар мен әріптестерге құрметпен қарау, іскерлік киім үлгісін ұстану, қоғамдық тәртіпті сақтау және әлеуметтік желілерде тиісті мінез-құлық таныту талаптары түсіндірілді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаданы өзгерістер, мүдделер қақтығысының алдын алу және заң талаптарын сақтау мәселелеріне назар аударылды.

Мемлекеттік қызметшінің әдебі, жауапкершілігі мен кәсіби мәдениеті — коғам сенімінің негізі.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-saulet/press/news/details/1291764?lang=kk