15 ҚЫРКҮЙЕК — САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет — қоғамның денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапкершілігі жоғары, маңызы ерекше сала. Күн сайын атқарып жүрген еңбектеріңіз — аурулардың алдын алуға, эпидемиологиялық қауіптердің жолын кесуге, қоршаған орта мен халық денсаулығына әсер ететін факторларды бақылауға және елдің санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын сақтауға бағытталған.
Бұл — көзге көрінбейтін қауіптің алдын алып, халықтың амандығын қамтамасыз ететін қажырлы еңбек. Оның нәтижесі кейде бірден байқалмағанымен, әрбір дер кезінде қабылданған шешімнің, әрбір жүргізілген зерттеудің, әрбір профилактикалық шараның артында адам денсаулығы мен өмірі тұр.
Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз, ұқыптылықтарыңыз бен өз ісіңізге деген адалдықтарыңыз — санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің берік негізі.
Осы айтулы күні сала ардагерлеріне — көп жылғы еңбектері мен өнегелі жолдары үшін алғысымызды, ал бүгінгі қызметкерлерге — ел денсаулығын қорғау жолындағы еселі еңбектері үшін зор ризашылығымызды білдіреміз.
Ел саулығы жолындағы еңбектеріңіз әрдайым абыройлы болсын!
Құрметпен,Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті