Қарағанды облысы Әділет департаментінде тіл саясаты саласындағы ынтымақтастықты арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін насихаттау мақсатында Қазақстан халқы тілдері күніне және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай қызметкерлер арасында «Тәуелсіздік – ортақ мақтанышымыз» тақырыбында жаппай диктант ұйымдастырылды. ✍️
Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру, қызметкерлердің қазақ тілінде сауатты жазу дағдыларын жетілдіру және тіл мәдениетін дамыту.
📚 Жаппай диктант барысында қатысушылар өз білімдерін сынап қана қоймай, ел тәуелсіздігі, ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік тілдің маңызы туралы ойларын жаңғыртты.
Тілге құрмет – елге құрмет!
Тәуелсіздік – баршаға ортақ мақтаныш!
ТІЛ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ НЕГІЗІ
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-krg/press/news/details/1291672?lang=kk