«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2026» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУШЫ — ЖАҢАШОВТАР ОТБАСЫ!

Қазалы ауданы әкімдігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығында Отбасы күніне орай «Мерейлі отбасы – 2026» аудандық ұлттық конкурсы ұйымдастырылды.
🤝 Ынтымақ пен берекені берік ұстанып, еңбегімен елге үлгі болып келе жатқан Өркендеу ауылдық округіне қарасты Жанкент ауылынан Жаңашовтар отбасы аталған байқауға қатысып, «Ырысты отбасы» номинациясын иеленді. 🏅
✨ Отбасы — береке мен бірліктің, мейірім мен махаббаттың мекені. Осындай өнегелі отбасылардың елге үлгі болуы — ұрпақ тәрбиесі үшін үлкен өнеге.
💐 Жаңашовтар отбасына отбасылық бақыт, зор денсаулық, береке-бірлік және толағай табыс тілейміз!
Әулеттеріңіз абыройға, шаңырақтарыңыз шаттыққа толы болсын! ❤️

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-orkendeu/press/news/details/1291653?lang=kk