АПОСТИЛЬ ҚОЮ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ



📅 2026 жылғы 31 тамызда Қарағанды облысының Әділет департаменті Тіркеу қызметі саласындағы бақылау және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу бөлімінің бас маманы Қарағанды қаласының №2 Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен бірлесіп:

💻 «Электрондық үкімет порталы арқылы апостиль қою жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

🤝 Іс-шара барысында қатысушыларға апостиль қою жөніндегі мемлекеттік қызметті электрондық форматта алу тәртібі түсіндірілді.

📲 Электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алудың артықшылықтарына, өтініш беру тәртібіне және қызметті рәсімдеудің негізгі кезеңдеріне ерекше назар аударылды.

💡 Дөңгелек үстелге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану бойынша практикалық ұсынымдармен танысты.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-krg/press/news/details/1291643?lang=kk