Сандықтау ауданының прокуратурасы жылыту маусымына дайындықты бақылауда ұстайды

 

Сандықтау ауданы прокурорының орынбасары Самат Батталов жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, аудан орталығы – Балкашино ауылында орналасқан 5 қазандыққа, оның ішінде жаңадан салынған бір қазандыққа аралау жүргізді.

Аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ахметов алдағы жылыту маусымына дайындық бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.

Жылумен жабдықтау объектілерін аралау нәтижелері бірқатар тозу деңгейі жоғары жылыту қазандықтарының ауыстырылғанын, сондай-ақ гидравликалық қысымды арттыру қажеттілігіне байланысты №2 жалпы білім беретін мектеп ауданында орналасқан ұзындығы 724 метр жылу желісін құбырларды ауыстыру арқылы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын көрсетті.

Жылыту маусымына дайындық жұмыстары аяқталу сатысында.

Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар 1 700 тонна көмір сатып алуға шарт жасасты.

Жылыту маусымы ауа райы жағдайларын ескере отырып басталады.

Жылумен жабдықтау мәселелері аудан прокуратурасының бақылауында.

 Ақмола облысының прокуратурасы

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1291622?lang=kk