Бүгін «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында басқарма қызметкерлеріне арналған түсіндіру жиыны өткізілді.
Жиынға басқарма басшысы Е. Мизамбаев қатысып, марафонның негізгі мақсаты мен маңыздылығына тоқталды.
Өз сөзінде басқарма басшысы кітап оқудың адамның ой-өрісін кеңейтіп, білімін толықтыруға, кәсіби және тұлғалық дамуына оң ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттерін үздіксіз жетілдіріп, білімін тұрақты түрде толықтырып отыруының маңыздылығына назар аударды.
Жиын барысында қызметкерлерге «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» арнайы бағытының мақсаты, қатысу шарттары мен негізгі талаптары түсіндіріліп, марафонға белсенді қатысуға шақырылды.
Іс-шара барысында кітаптың адам өміріндегі және қоғам дамуындағы құндылығы, кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың маңызы жөнінде пікірлер айтылды.
Марафон аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.